Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда тойда уланып қалған қонақтар мейрамхана иесін сотқа беріп, 6 млн теңге талап етті

Жарияланған күні:

тойхана
Тойхана. Көрнекі фото: pixabay.com

Мекеме иесіне қарсы ұжымдық талап қойған қазақстандықтар Екібастұз мейрамханасында уланғанын дәлелдей алды. Бұл туралы қалалық соттың шешіміне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сот мәліметінше, тойда барлығы 94 адам уланған, оның ішінде Екібастұз, Астана, Павлодар, Қарағанды және Павлодар облысы Баянауыл ауданының тұрғындары бар. Тойдан кейін қонақтар дәрігерлерге жүгіне бастаған, кейбіреулері өз қалаларына оралғанда медицина қызметкерлеріне жүгінген.

18 адам мейрамхана иесінің үстінен сотқа шағым түсірді. Олар жалпы сомасы 6 миллион теңге төлеуді талап еткен.

"Этиологиялық фактор Salmonella enteritidis, Staphylococcus aureus болды. Инфекция жұқтыру жолы – тамақ, инфекцияның болжамды факторы – мейрамхана қызметкерлері. Аспаздан, даяшылардан Staphylococcus aureus, әкімшіден Salmonella enteritidis табылған. Сондай - ақ азық-түлік өнімдерінде "мұздатылған сиыр тілі" мен "тұздалған қияр қосылған ет салаты" сынамасынан Staphylococcus aureus, "күріш пен қайнатылған картоп гарнирі" сынамасынан Salmonella enteritidis табылды", - делінген Екібастұз қалалық сотының шешімінде.

Мейрамхана иесі бұл талапты мойындамады. Алайда сот дәлелдемелерге сүйене отырып, жәбірленушілер келтірілген шығынды өндіріп алуға құқылы деп шешіп, моральдық шығын мен материалдық шығынды өтеу ретінде мейрамхана иесін 5 миллион теңгеден астам соманы төлеуге міндеттеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2189576-toida-ulanyp-qalgan-qonaqtar-ekibastuzdagy-meiramhanany-sotqa-berip-5-million-tengge-otemaqy-aldy/