Зектілері

Сарапшы: Бірыңғай уақыт белдеуі өмірдің табиғи ырғағына оралуға мүмкіндік берді

Жарияланған күні:

Сағат
Сағатқа қараған адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК басқарма төрағасының орынбасары Салтанат Назарова еліміздің бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Салтанат Назарова Қазақстанда кеңестік кезеңде уақыт белдеуі командалық-жоспарлы экономика мүддесі үшін табиғи сегіз рет өзгергенін атап өтті. Нәтижесінде, адамдар табиғи циклге сәйкес келмейтін уақыт белдеулерінде өмір сүрді.

"Адамның өмірлік процестері уақытқа байланысты сағат, күн, апта, ай, маусым немесе жылдар бойы өзгереді. Бұл өзгерістер биоритмдер деп аталады. Циркадиялық ырғақтар – біздің денсаулығымыз, өнімділігіміз бен ұзақ өмір сүруіміздің негізі.

Көптеген шетелдік зерттеу биоритмдер ағзадағы гормондардың, ферменттер мен басқа белсенді заттардың деңгейін басқарады, сонымен қатар қан құрамы мен жалпы тепе-теңдікті сақтайды деп болжайды.

Ұйқы мен сергектік, демалу мен белсенділікті, тамақтану мен зат алмасуды реттейтін биоритмдердің үйлесімді жұмысы адам денсаулығы үшін маңызды рөл атқарады. Бірыңғай уақыт белдеуі биологиялық сағатты синхрондап, ресми уақыт пен күн уақытын мүмкіндігінше жақындата отырып, өмірдің табиғи Sрғағына оралуға мүмкіндік берді", - деп есептейді Салтанат Назарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2189603-sarapshy-birynggai-uaqyt-beldeui-omirding-tabigi-yrgagyna-oraluga-mumkindik-berdi/