"Шайн мускат" жүзімінің құрамында нитрат бар ма: министрлік тексеріс қорытындысын жариялады
Жарияланған күні:

Қазақстанда хит болған Shine Muscat жүзімінде карантиндік зиянкестердің бар-жоғы тексерілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді.
Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) Shine Muscat нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2189607-qazaqstanda-tanymal-shain-muskat-zhuzimi-nitrattarga-tekserildi/