jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстан ағылшын тілін меңгеру рейтингінде нешінші орында

Ағылшын тілі рейтингі
Ағылшын тілі. Көрнекі сурет: pixabay.com

EF English Proficiency Index сарапшылары ағылшын тілінде сөйлемейтін елдер арасында тіл меңгеру деңгейіне талдау жүргізіп, жаңа рейтинг ұсынды. Қазақстан 100 үздік елдің қатарына кіре алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
close
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Мақала мәтіні жоқ немесе дұрыс емес.
  • Қажетті ақпарат берілмеген.
  • Саммари жасау мүмкін емес.

Қазақстан рейтингте 116 елдің ішінде 427 ұпаймен бар болғаны 103-орынға жайғасты.

Талдау деректеріне сенсек, Қазақстанда алматылықтар ағылшын тілін бәрінен жетік меңгерген. Зерттеу кезінде 26 мен 30 жас аралығындағы жастардың біліктілігі қаралды.

Сондай-ақ сарапшылар Қазақстанда ағылшын тілінде еркін сөйлейтіндер арасында ер азаматтардың саны әйелдерге қарағанда көбірек екенін анықтаған.

Ағылшын тілін білу жағынан үздік үштікке Нидерланды, Норвегия мен Сингапур кіреді. Тізімнің соңында Ливия мен Тәжікстан және Йемен тұр.

Сарапшылардың айтуынша, әлемде ағылшын тілін меңгеру деңгейінің төмендеуі байқалады. Елдердің 60 пайызы биыл, өткен жылмен салыстырғанда, төмен көрсеткішке ие болған. Әсіресе Азиядағы жағдай Үндістан есебінен тым нашарлап кеткен.

Еуропалық Одақ елдерінде де төмендеу үрдісі байқалғанымен, Таяу Шығыста, атап айтқанда Сауд Арабиясында, баяу болса да, оң динамика тіркелген.

Қазақстан ағылшын тілін меңгеру рейтингінде нешінші орында

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.