Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік пысықталды

Жарияланған күні:

Жылу желілері
Жылу желілерін реттеп жатқан адам. Көрнекі фото: gov.kz

Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Еркін Отарғалымұлы "Жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары" тақырыбында баспасөз брифингі өтті. Бұл туралы Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкент қалалық ТЖД Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, 2024-2025 жылдарға арналған жылыту маусымы кезіндегі өрт профилактикалық жұмысының жоспары тамыз айында бекітілген. Жоспарға сәйкес жылыту маусымы кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында "Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі", "Жылыту пештерінің қысқы кезеңге дайындығын қадағалау" және "Адамдардың улы газдан уланудың алдын алу" тақырыптарында күнделікті үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Жылыту маусымының басынан бастап департамент әлеуметтік желілерде 200-ге жуық, БАҚ-та 123 шығарылым жарияланды және қала аумағындағы шағын аудандар арасында 185 рет дауыс зорайтқыштар арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бүгінге дейін 54 мыңнан астам адамды қамтитын 25848 қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлер араланып, білім беру мекемелерінде 2086 оқушыны қамтитын 68 интерактивті сабақ өтті", - дейді Еркін Отарғалымұлы.

Қала аумағында есепке алынған 2222 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының барлығына осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылған.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қайта аралау жұмыстары да толығымен аяқталып, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың ішінен 136 үйге газ анықтағыш құрылғылары қойылған. 193 үйдің түтін мұржаларын тазарту жұмыстары жүргізілген.

Департаменттің ведомстволық есебіне сәйкес, қала аумағында табиғи газға қосылмаған, газбаллондарды қолданып жүрген 22 жатақханаға толығымен ескерту айтылған.

Баспасөз брифингінде Еркін Отарғалымұлы жылыту кезеңін қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2189718-shymkentte-zhylytu-mausymy-kezindegi-qauipsizdik-pysyqtaldy/