jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкентте филиппиндік студенттер әмиянын таксиде қалдырып кеткен

Такси
Такси. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте турполицейлер филиппиндік студенттерге көмектесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ПД Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, Дженидас пен Джесси ішінде құжаттар, банк карталары және ақша болған әмиянын такси көлігінде кездейсоқ қалдырған.

Осылайша шетелдіктер қаладағы Арбат аумағында кезекшілікте жүрген туристік полиция инспекторынан көмек сұраған. Аға лейтенант Айнұр Көлбаева мән-жайды толығымен біліп, бірден такси жүргізушісін анықтауға бағытталған қажетті шараларды қабылдады. Нәтижесінде әмиян заңды иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде филиппиндіктер жедел көмек көрсеткені үшін полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыс білдірді.

Шымкентте филиппиндік студенттер әмиянын таксиде қалдырып кеткен

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.