jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентке жарты жылда 250 мыңнан аса турист келген

Шымкент қаласы
Шымкент қаласы. Фото: gov.kz

Шымкентке кейінгі 6 айда 252 919 турист келген. Оның ішінде отандастар саны 237 мыңнан асса, 15 мыңы шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17 процентке көп, деп хабарлайды Ontustik.tv.

Қазір қалада 144 қонақ үй жұмыс істейді. Туризм бағытында мамандар биыл Ибраһим ата, Қарашаш ана кесенелерінде абаттандыру жұмысын жүргізген. Әр бейсенбі шетелдік туристерге арналған экскурсиялық  автобус ұйымдастырылады.

Басқарма тарабынан 11 инвестициялық жоба жоспарланған. Соның 7-еуі жүзеге асты. Биыл "Хилтон" қонақ үйінің құрылысы басталған, 2026 жылы пайдалануға берілу жоспарланып отыр. Бұл туризмді дамытып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да мүмкіндік туғызады.

"Әуе рейстері бойынша қосымша 5 қалада рейстер ашу жоспарлануда. Креативті индустрия өкілдерін қолдау мақсатында ағымдағы жылы шілде, қыркүйек айларында Арбат алаңында кревтивті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі тұрақты түрде Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отырды", - дейді Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Мұхтар Сабаев.

Шымкентке жарты жылда 250 мыңнан аса турист келген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.