jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте қыс мезгіліне жедел ден қою жиынтық жасағының дайындығы тексерілді

Дайындық барысы
Дайындық барысы. Видеодан кадр: instagram.com/ shymkent_tjd

Шымкентте қыс мезгіліне жедел ден қою жиынтық жасағының дайындығы тексерілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖД Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, 2024 жылғы 21-22 қарашада өтетін "Қыс – 2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы қарсаңында Шымкент қаласының жедел ден қою жиынтық жасағының қысқы кезеңге дайындығы тексерілген.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Қуанар Базарбаевтың басшылығымен өткізілген іс-шарада арнайы техниканың, жол-пайдалану құралдарының, сондай-ақ инертті материалдардың қорына ерекше назар аударылды.

Іс-шараның мақсаты:

  • Қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға қажетті техникалардың жарамдылығын тексеру;
  • Апаттық-құтқару жұмыстарына арналған құралдардың дайындық деңгейін бағалау;
  • Қысқы кезеңде туындауы мүмкін қауіпті метеорологиялық құбылыстардың алдын алу және оларды жою бойынша сұрақтарды пысықтау.

Бұл дайындық алдағы қыз мезгіліндегі төтенше жағдайларға жедел әрі тиімді жауап беру қабілетін арттыруға бағытталған.

Шымкентте қыс мезгіліне жедел ден қою жиынтық жасағының дайындығы тексерілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.