Көктайғақ пен бұрқасын: бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жарияланған күні:

"Қазгидромет" РМК 22 қарашаға арналған ауа райын болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
22 қарашада түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
22 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
22 қарашада Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында кей уақыттарда екпіні 18 м/с. Алматыда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 22 қарашада түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с.
22 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
22 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.
Абай облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
22 қарашада Астанада түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
22-24 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 22-24 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 22-24 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
22 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. қ.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2190875-koktaigaq-pen-burqasyn-birqatar-ongirde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/