jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Былтырғы шыршаларды қолданамыз": Шымкент әкімі биыл жаңажылдық безендіруге қанша теңге бөлінгенін айтты

Жаңа жылда ауа райы қандай болады: Алдағы екі күнге арналған синоптиктер болжамы
Шырша. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков биыл қаланы жаңажылдық безендіруге қанша теңге бөлінгенін айтты. Ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің өзге де сауалдарына жауап берді.

Әкімнің сөзінше, биыл қаланы жаңажылдық безендіруге 80 млн теңге қарастырылған. Бұл соманы бес ауданға шаққанда, әрқайсысына 16 млн теңгеден түседі.

"Біріншіден, біз былтырғы қолданған жасанды шыршаларды, басқа заттарды қолданамыз. Екіншіден, тағы да қосымша іс-шара өткізетін болсақ, міндетті түрде демеушілердің көмегімен жүзеге асырамыз", - деді Ғабит Сыздықбеков.

Айта кетейік, брифинг барысында қала әкімі Шымкенттегі ең үлкен стадионның құрылысы қалай жүріп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол "Ордабасы" клубына бюджеттен бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғанын түсіндіріп берді.

"Былтырғы шыршаларды қолданамыз": Шымкент әкімі биыл жаңажылдық безендіруге қанша теңге бөлінгенін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.