jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда апта ортасында жауын-шашын болады

Жауын-шашын кезіндегі ауа райы
Ауа райы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда осы апта жауын-шашынсыз басталады, алайда апта ортасына қарай қар түсіп, жаңбыр жаууы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сайты "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжауынша, аптаның бірінші жартысында ауа райы құбылмалы болады.

Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінің ауа райына ауқымды антициклон әсер етеді, сол себептен жауын-шашын болмайды.

"Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында, 28 қарашада күндіз еліміздің солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болжанады", - делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді деп болжанып отыр. Температура фонында күрт өзгеріс болмайды.

Қазақстанда апта ортасында жауын-шашын болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.