Ақтөбеде аялдама орнында тұрған орындық тұрғындарды таңғалдырды
Жарияланған күні:
Ақтөбеде "Спутниктегі" аялдама павильонын бұзғаннан кейін тұрғындар дүңгіршектің артында тұрып суықтан жасырынуға мәжбүр, ал біреу тіпті ыңғайлы болу үшін орындық қойып қойған. Бұл туралы "Диапазон" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жақында Ақтөбе тұрғындары Маресьев көшесіндегі аялдама павильонының орнында қалған дәретхананы талқылады. Енді қала тұрғындарының назарын бұзылған аялдаманың орнында тұрған орындық аударды.
"Қазанда "Спутнике"-тегі аялдама бұзылды. Адамдар суықтан газет сататын дүңгіршектің артына жасырынуда. Біреулер аяғы ауыратын, қарттарға арнап орындық қойып қойыпты, алда әлі аязды күндер келе жатыр. Кім бірінші сол орындыққа жетсе, сол отырады", - деді Айгүл есімді қала тұрғыны.
Ақтөбе әкімдігі жер қатынастары бөлімі учаскені аукционға шығару үшін құжаттар дайындалып жатқанын атап өтті.
"Оны сатып алған кәсіпкер сәулет басқармасы ұсынған жоба бойынша бірыңғай стандартқа сәйкес келетін жылы аялдаманы орнатуы керек", - дейді басқармадағылар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2192067-aqtobede-aialdama-ornynda-turgan-oryndyq-turgyndardy-tanggaldyrdy/