jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте қазақ күресі бойынша халықаралық деңгейдегі турнир өтті (видео)

Шымкенттегі халықаралық турнирдің ашылу салтанаты
Шымкенттегі халықаралық турнирдің ашылу салтанаты. Видеодан кадр: instagram.com/ rsk_shymkent

Шымкентте 22-23 қараша күндері Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы III Халықаралық турнир өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, шара ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейде насихаттап, дамытуға бағытталған маңызды оқиғалардың бірі ретінде ерекшеленді.

Ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысушыларға сәттілік тілеу арқылы турнирдің жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов бұл халықаралық турнирдің қазақ күресін әлемдік аренада кеңінен танытуға елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Турнирге Грузия, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия, Польша, Әзірбайжан, Үндістан және Өзбекстан елдерінен келген 300-ден астам балуан қатысып, еліміздің барлық өңірінен келген спортшылармен бірге 8 салмақ дәрежесінде өзара күш сынасты.

Шымкентте қазақ күресі бойынша халықаралық деңгейдегі турнир өтті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.