Зектілері

Су тасқыны, көктайғақ және тұман қаупі бар: Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады

Жарияланған күні:

Қала көрінісі
Қала көрінісі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сейсенбі, 26 қарашада Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жарияланып, елдің шығысында елді мекендерді су басу қаупі бар. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Лесная Пристань ауылы – Бұқтырма өзені гидрологиялық бекетінде бекеттен төмен сең кептелісінің салдарынан су деңгейінің көтерілуі байқалуда. Су деңгейі сағат 12.00-ге 350 см-ді, сағат 16.00-ге 430 см-ді құрады. Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін. Шекті (критикалық) су деңгейі 530 см.

Ескерту: Су деңгейі шекті деңгейден асқан кезде өзен ағысының төмен бөлігінде сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

26 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкентте 26 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістанда 26 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

25 қарашаның сағат 20.00-ден 26 қарашаның сағат 20.00-ге дейін Риддер қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

25 қарашаның сағат 20.00-ден 26 қарашаның сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

25 қарашаның сағат 20.00-ден 26 қарашаның сағат 20.00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

26 қарашада түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с.

26 қарашада түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

26 қарашада Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса.

26 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оралда 26 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

26 қарашада түнде Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

26 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с.

26 қарашада түнде Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

26 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Петропавлда 26 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

26 қарашада Алматы облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

25-27 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 25 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде екпіні 25 м/с күтіледі.

Таразда 25-27 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2192279-su-tasqyny-koktaigaq-zhane-tuman-qaupi-bar-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-qolaisyz-aua-raiy-saqtalady/