jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алдағы уақытта ел аумағында телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады

Теледидар пульті
Теледидар пульті. Көрнекі фото: pexels.com

Қазастанның барлық аумағында 29 қарашада жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазтелерадио" АҚ-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

"2024 жылдың 29 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанда 21 қарашада жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты телевизия мен радио уақытша өшірілген болатын.

Алдағы уақытта ел аумағында телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.