Бір әулетте 20 медицина маманы: 400 жылдай еңбек өтілі бар семейлік дәрігерлер династиясы туралы не білеміз (видео)
Жарияланған күні:

Семейлік Төлеутаевтар әулеті дәрігерлерінің медицина саласындағы еңбек жолы 400 жылдан асады. Бұл салаға үлес қосқан әулетте жиырмадан аса медицина маманы бар. Дәрігерлер династиясының белді өкілдері "Таңшолпан" бағдарламасына сұқбат берді.
Медицина саласына үлес қосқан Төлеутаевтар әулеті дәрігерлікті ұрпақтан ұрпаққа жалғап келеді.
Династияның еңбек жолы 1930 жылдан басталады. Әулетте 20-дан астам дәрігер бар. Солардың бірі – республикаға аты мәлім онколог Мұхтар Төлеутаев. Оның медицина саласында жүргеніне 40 жыл болған.
"Қазақстан медицинасы дамыған. Статистикаға қарасақ, 24 жыл бұрын жүрекке 400-500 ота жасалатын. Қазір жылына шамамен 70-80 мың ота жасалады", - дейді ол.
Бұл әулеттегі Райхан Төлеутева – невролог-дәрігер. Оның 36 жылдық тәжірибесі бар. Жоғары санатты маман Семей медицина университетінде сабақ береді. Дәрігерлік пен оқытушылық қызметті қатар алып жүр.
"Заман өзгереді. Науқасқа деген ем де өзгереді. Жақсы дәрігердің клиникалық ойы, шешімі болуы керек", - дейді ол.
Династияның тағы бір өкілі – Гүлнәр Төлеутаева. Қызметтік жолы Ақсуат ауылында басталған. Ол дәрігерлікті жан дүниесімен қалаған адам ғана таңдайды дегенді айтады.
"Баланы дәрігер боласың деп тәрбиелей алмайсың. Дәрігерлікті адамның жан дүниесі қалап тұрмаса дәрігер бола алмайды. Махаббат болу керек, мамандыққа деген махаббат. Сол кезде істеп жатқан дүниең көрінеді", - дейді Гүлнәр Төлеутаева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2192463-bir-aulette-20-meditsina-mamany-bar-400-zhyldan-beri-halyqty-emdeumen-ainalysatyn-semeilik-darigerler-dinastiiasy-turaly-ne-bilesiz-video/