jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бірауыздан бас тартқан: Шымкенттегі ішімдік сатылмайтын ауыл туралы не білеміз (видео)

Ішімдіксіз ауыл
Ішімдіксіз ауыл. Видеодан кадр: instagram.com/ police_shymkent

Шымкентте Қаратау ауданы Шапырашты елдімекені "Ішімдіксіз мекен" мәртебесіне ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ПД Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, "Алкогольсіз ауыл" жобасы Шымкент қаласы полиция департаментінің нұсқамасына сәйкес қолға алынған. Қаратау ауданы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ерлан Жакелов елдімекен тұрғындарымен арнайы жиындар өткізіп тұрады.

Жиында ауылда алкогольді сусындар сатпау, ішімдік атаулыға жоламау деген бастама көтеріліп, талқыға түскен. Нәтижесінде ауыл тұрғындары бір ауыздан той-томалақ, басқосуларда ащы сусын жолатпаймыз деп уәделесіп, бір адамдай дауыс беріп, елдімекен бойынша алғашқылардың бірі болып "алкогольсіз ауыл" атанған.

Шапырашты елдімекенінде учаскелік полиция қызметкерлерінің күнделікті жүргізген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде дүкендерде 3-4 жылдан бері алкогольді сусын сатылмайтын болған.

Бірауыздан бас тартқан: Шымкенттегі ішімдік сатылмайтын ауыл туралы не білеміз (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.