jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкенттік аспаздар Түркияда өткен байқауда топ жарды

Шымкенттік аспаздар Түркиядағы байқауда
Шымкенттік аспаздар Түркиядағы байқауда. Фото: instagram.com/ rsk_shymkent

Шымкенттік аспаздар Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық гастрономиялық байқауға қатысып, ұлттық тамақтарымызды ұлықтап қайтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, "Turkistan Chefs Hub" бірлестігінің аспаздары "Shymkent Tourism Bureau" туристік бюросының қолдауымен "Game of Food GastroAntalya 24" байқауына қатысып, 2 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль жеңіп алған.

Осылайша бірнеше елден жиналған талантты аспаздар арасынан шымкенттіктер топ жарды. Олар сайыста өздерінің кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде көтеріп, жеңімпаз атанды.

Бұл ауқымды гастрономиялық іс-шара жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік аспаздарды жинайды. Биылғы байқауға 46 санат бойынша 36 елден жүздеген аспаз бен аспаз болғысы келетіндер қатысқан. Қатысушылар дәстүрлі тағамдарды заманауи әдістермен үйлестіріп, өз елдерінің гастрономиялық мәдениетін таныстыруға атсалысты. Ал солардың арасында Шымкенттің гастрономиялық әлеуетін 7 аспаз таныстырып, жетеуі де жүлдемен оралды.

Шымкенттік команда байқауда бірнеше санат бойынша жүлделі орындарға ие болды.. Команданың негізгі мәзірінде қазақтың ұлттық тағамдары: ет асу, қазы-қарта, бауырсақ және түрлі еттен дайындалған тағамдар заманауи тәсілдермен ұсынылды. Нәтижесінде ұлттық тағамдар санатында ерекше көзге түсіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Шымкенттік аспаздар Түркияда өткен байқауда топ жарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.