jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Павлодар тұрғындары жалған ақша туралы хабарлама таратып жатыр

Жалған банкноттар
Жалған банкноттар. Фото: NUR.KZ тілшісі

Павлодарда WhatsApp арқылы жалған ақша туралы хабарламалар тарап жатыр. Хабарлама авторы бұған дейін де жалған ақша пайдаланған бірнеше адамның ұсталғанын алға тартады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Хабарлама WhatsApp мессенджеріндегі әртүрлі чаттар арқылы тараған. Аудиода ер адам жалған 5 000 теңгелік купюрада "Празднуем вместе" деген жазу барын айтады.

"Ақша айырбастағанда абай болсын деп анама да жібердім. Қазір бұл ақша Павлодарда бар. Бұған дейін екі экспедитор ұсталды. Мен назар аудартып жатырмын, бұл жаңа банкноттарды алғашында ұнатпап едім", - делінген аудио хабарламада.

Жағдайға Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті өкілдері түсініктеме берді.

Полицейлер павлодарлықтардан жалған 5000 теңгелік купюраларға қатысты ешқандай шағым түспегенін атап өтті.

Айта кетейік, 5 кг есірткі мен жалған ақша сатпақ болған екі Шымкент тұрғыны ұсталған болатын.

Павлодар тұрғындары жалған ақша туралы хабарлама таратып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.