Павлодар тұрғындары жалған ақша туралы хабарлама таратып жатыр
Жарияланған күні:
Читать на русскомПавлодарда WhatsApp арқылы жалған ақша туралы хабарламалар тарап жатыр. Хабарлама авторы бұған дейін де жалған ақша пайдаланған бірнеше адамның ұсталғанын алға тартады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Хабарлама WhatsApp мессенджеріндегі әртүрлі чаттар арқылы тараған. Аудиода ер адам жалған 5 000 теңгелік купюрада "Празднуем вместе" деген жазу барын айтады.
"Ақша айырбастағанда абай болсын деп анама да жібердім. Қазір бұл ақша Павлодарда бар. Бұған дейін екі экспедитор ұсталды. Мен назар аудартып жатырмын, бұл жаңа банкноттарды алғашында ұнатпап едім", - делінген аудио хабарламада.
Жағдайға Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті өкілдері түсініктеме берді.
Полицейлер павлодарлықтардан жалған 5000 теңгелік купюраларға қатысты ешқандай шағым түспегенін атап өтті.
Айта кетейік, 5 кг есірткі мен жалған ақша сатпақ болған екі Шымкент тұрғыны ұсталған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2193087-pavlodar-turgyndary-zhalgan-aqsha-turaly-habarlama-taratyp-zhatyr/