jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкентте жыл соңына дейін 22,8 шақырым автомобиль жолы қолданысқа берілмек

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте жолдарды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, биыл автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта құру жұмыстары 58,4 шақырымдық 18 нысанда жүргізілуде. Жыл соңына дейін 22,8 шақырым (6 нысан) автомобиль жолы пайдалануға беріледі.

Орташа жөндеу жұмыстары бойынша 378 көшенің 251,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінген. Сондай-ақ 287 көшеде 190,3 шақырым орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа беріледі.

Жыл қорытындысымен қала аумағында 453 көшеде, жалпы ұзындығы 286,9 шақырым жолда құрылыс, орташа жөндеу және тегістеу жұмыстары аяқталады.

Жолдарды жақсарту жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда.

Шымкентте жыл соңына дейін 22,8 шақырым автомобиль жолы қолданысқа берілмек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.