jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Астана тұрғыны мектепте орамал тағуға салынған тыйымды алып тастау үшін сотқа жүгінді

Орамал таққан оқушы
Орамал таққан оқушы. Көрнекі фото: getty/stock photo

Астана тұрғыны мектепте орамал тағуға тыйым салатын ережені жарамсыз деп тану талабымен сотқа жүгінді. Бұл туралы елорда соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сотқа берген арызында ер адам жалпы білім беретін мектептің ішкі тәртібіндегі норманы заңсыз деп тануды талап еткен. Онда "мектеп формасын киген кезде діни сипаттағы киімдер мен рәміздерді қолдануға болмайды" делінген соттардың Telegram-дағы арнада.

Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соты жалпы білім беретін мектептің оқу сабақтары барысында орамал тағуға тыйым салатын бөлігіндегі ішкі тәртіп ережелеріне байланысты істі қарады.

Талап қоюшы бұл талап баланың құқығына нұқсан келтіреді деп санайды. Министрдің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрығында бас киім киюге тыйым салынбаған деп көрсетті.

Атап айтқанда, кәмелетке толмағанның әкесі "мектеп формасын киген кезде діни сипаттағы киім мен нышандарды киюге жол берілмейді" деп көзделген Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасын заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Талап қоюшы "шаш пен мойынды жабатын бас орамалын" діни сипаттағы киімге жатқызумен келіспеген.

Сот тараптардың дәлелдерін зерттеп, келесі қорытындыға келді: "Білім туралы" Заң мен мектептің Жарғысы мектеп формасы барлық оқушылар үшін діни немесе басқа да ерекше белгілерсіз біртұтас болуы керек деп ұйғарады. Бұл оқушылар арасындағы теңдікті, бейтараптықты және үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

  • Әр түрлі конфессиялардың элементтерін мектеп формасына енгізуге жол берілмейді.
  • Бірыңғай форма ұйымдасқан және тәртіпті оқу ортасын құруға ықпал ететін маңызды элемент болып табылады.
  • Ата-аналар білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюін қамтамасыз етеді.
  • Сот білім беру мекемелерінің белгіленген талаптарын сақтаудың маңыздылығына назар аударды.

Сот Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасын заңсыз деп тану туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Астана тұрғыны мектепте орамал тағуға салынған тыйымды алып тастау үшін сотқа жүгінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.