jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

400 АЕК қайтарымсыз грант: Шымкентте көпбалалы ана кептірілген жеміс сатумен айналысып жүр

Раушан Жантөреқызы
Раушан Жантөреқызы. Фото: instagram.com/ akimat_shymkent

Шымкент қаласының тұрғыны Раушан Жантөреқызы биыл мемлекеттен 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант алып, кептірілген жеміс сатуды бастады. Балаларының денсаулығына алаңдаған көпбалалы ана зиянды тағамдарды табиғи өнімдермен алмастыруды ойластырып, бұл шешімін кәсіпке айналдырған, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік мәліметінше, қала тұрғыны Enbek.kz порталы арқылы грантқа өтінім беріп, комиссия алдында жобасын сәтті қорғаған. Қаржыға 48 сөрелік кептіру құрылғысын сатып алып, отбасылық кәсібін бастаған.

Қазір Раушан өнімдерді әлеуметтік желілер арқылы сатуда. Кептірілген табиғи жемістер мен чипстерді балалар ғана емес, ересектер де иммунитетті нығайтатын дәруменге бай шай ретінде тұтынып жатыр.

Бүгінде табиғи өнімдерге сұраныс өте жоғары. Ал келіншек алдағы уақытта мемлекеттік қолдаулар арқылы кәсібін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

400 АЕК қайтарымсыз грант: Шымкентте көпбалалы ана кептірілген жеміс сатумен айналысып жүр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.