Шымкентте 235 мың шаршы метр шұңқыр қалпына келтірілді
Опубликовано:
Шымкентте "Ақылды қала" жобасы аясында инфорқұрылым мен жасыл кеңістіктерді дамыту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласында "Ақылды қала" эталондық стандарты аясында бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылуда. 2023 жылы осы бағыттағы көрсеткіш 61 пайызға жетсе, биыл оны 70 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Қала аумағындағы 190 көше қиылысында бағдаршам нысандарын интеллектуалды көлік жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта интернетке қосылу бойынша келісімдер жасалып, жыл соңына дейін жүйе толық іске қосылады деп күтіліп отыр.
"346,6 шақырым автожолды жөндеу жоспарланған, оның ішінде 97 шақырым жол жөнделді. Қалада жалпы ұзындығы 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар. Сондай-ақ, 235 000 шаршы метр шұңқырлар қалпына келтірілді", - делінген ӨКҚ хабарламасында.
Шымкент қаласындағы жасыл желектерді есепке алу және заңсыз ағаш кесу фактілерін болдырмау мақсатында KAZ ITECH ЖШС-мен бірлесіп zhasylshym.kz платформасы әзірленді. Қазіргі таңда платформаға 841 012 жасыл желек туралы мәлімет енгізілген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2193941-shymkentte-235-myng-sharshy-metr-shungqyrlar-qalpyna-keltirildi/