Зектілері

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Тұман басқан қала
Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 29 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына орай бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

29 қарашада Астана қаласында түнде және таңртең тұман болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

28 қарашаның сағат 20.00-ден 29 қарашаның сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

28 қарашаның сағат 20.00-ден 29 қарашаның сағат 20.00-ге дейін Риддер қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының, Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

29 қарашада түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

28 қарашаның сағат 20.00-ден 29 қарашаның сағат 20.00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

29 қарашада күннің соңында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында найзағай. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүтігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с.

29 қараша түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2193975-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/