jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкент әкімі қаланы аралап, абаттандыру жұмыстарымен танысты (видео)

Ғабит Сыздықбеков
Ғабит Сыздықбеков. Видеодан кадр: instagram.com/ gabit_syzdykbekov

Бүгін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралап, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы шаһар басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды.

Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, қала әкімдігі үнемі мегаполисті дамытуға және тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған бизнес жобаларды қолдауға дайын.

"Кезекті қаланы аралау барысында Назарбаев даңғылында жүргізіліп жатқан абаттандыру және көгалдандыру жұмысымен таныстым. Әріптестеріммен және құрылыс компаниясы өкілдерімен бірге сакура көшеттерін отырғыздық. Алдағы уақытта аумағы 3000 шаршы метрден асатын шағын аллеяда көгал төсеу және шынар ағашы мен түрлі бұталар отырғызу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, күрделі жөндеуден өткен қалалық прокуратура мен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ғимаратын қарап шықтым. Жаңартылған нысандарда барлық жағдай жасалған әрі материалдық-техникалық жабдықталуы қазіргі заман талабы мен стандартқа толық сай келеді", - деді әкім.

Сондай-ақ шаһар басшысы тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасының қатысушыларымен, Әлімқұлов көшесі, 34 мекенжайындағы үй тұрғындарымен кездескенін айтты.

"Өздеріңізге белгілі, бұл бағдарламаға жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған және апатты деп танылған үйлер енгізілген. Келесі аптада осы үйдің тұрғындары жаңа баспанаға көшіп, көптен күткен қоныс тойын тойлайды", - деп жазды ол.

Шымкент әкімі қаланы аралап, абаттандыру жұмыстарымен танысты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.