jitsu gif

Шымкентте өткен жылы байланыс жылдамдығы төмен 147 нүкте анықталған

Ұялы байланыс
Ұялы телефон ұстап тұрған адамдар Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте ұялы байланыс сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласында ұялы байланыс сапасын арттыру мақсатында 2023 жылы Өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп, байланыс жылдамдығы төмен 147 нүкте анықталған. Нәтижесінде 33 нүктеде базалық станциялар орнатылды.

5G технологиясын енгізу аясында Kcell 133, "Кар-Тел" 282 базалық станцияны қайта жаңартты. 2024 жылы анықталған 43 осал нүктенің шешімі үшін операторлар базалық станцияларды шеринг әдісімен бөлісуді және жаңа құрылғылар орнатуды жоспарлауда. Бұл шаралар қала тұрғындарына сапалы әрі жылдам байланыс ұсынуды мақсат етеді.

Ұялы байланыс сапасын жақсарту жобалары Шымкент қаласы тұрғындарына жоғары жылдамдықты және сапалы мобильді байланыс ұсынуға бағытталған. Бұл жұмыстар қала инфрақұрылымын цифрландыруға және байланыстың қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Шымкентте өткен жылы байланыс жылдамдығы төмен 147 нүкте анықталған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.