Зектілері

Шымкентте аурухана ауласына аббаттандыру жұмыстары жүргізілді

Жарияланған күні:

Шымкенттегі аурухана ауласы
Шымкенттегі аурухана ауласы. Фото: instagram.com/ shymkent_kelbeti

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, келушілерге ыңғайлы жағдай жасау үшін толықтай жарықтандырылды. Бұл туралы "Шымкент келбеті" басылымы хабарлайды.

Басылым ақпаратына сүйенсек, ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда А, А1, Б, Б1, К корпустарында жөндеу жұмыстары аяқталған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков жөндеу жұмыстар барысын көріп, корустарды аралап шыққан.

"Жалпы ауруханаға қарасты аумақтың 9500 шаршы метрі асфальтталды. Ауруханаға келушілер үшін шатырмен қоршалған және жаяу жүргіншілер жолының жиегіне орындықтар орнатылды. Сондай-ақ 51 дана қоқыс жәшіктері және 14 дана қоқыс контейнері қойылып, 1824 тонна қоқыс шығарылды.

Қалалық клиникалық аурухананың аумағын толық жарықтандыру үшін 10 жарықдиодты прожектор орнатылды, аумақты жарықтандыруға арналған 60 энергия үнемдейтін шам ауыстырылды", - деп жазды басылым.

Айта кетейік, №1 қалалық клиникалық ауруханасы – қаладағы жедел медициналық көмек көрсететін жетекші ауруханалардың бірі. Медициналық ұйым хирургиялық, травматологиялық, урологиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық, неврологиялық және терапевтік профильдер бойынша тәулік бойы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2194014-shymkentte-auruhana-aulasyna-abbattandyru-zhumystary-zhurgizildi/