jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Астана мен еліміздің 12 қаласын неліктен қара түтін басты: экологтар жауап берді (видео)

Алматы қара түтін
Қара түтін. Фото: NUR.KZ/ВладимирТретьяков

Бейсенбі, 28 қарашада Қазақстанның 13 қаласында ауаның қатты ластануы тіркелді. Экологтар мұның себебін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өскеменде қалың түтін салдарынан мектептерде сабақ бірнеше күнге тоқтатылды. Қала тұрғындары тыныс алу органдарын қорғау үшін арнайы құралдар қолдануға мәжбүр.

"Бұрын мұндайға күлетін едік, енді өзіміз газтұмша тағып жүрміз", - деп шағымданады қала тұрғындары.

Экологтардың айтуынша, бұл жағдай өнеркәсіп орындарының зиянды қалдықтарынан емес, "температура инверсиясы" деп аталатын құбылыстан туындаған. Инверсия кезінде ауаның жылы қабаты суық қабатты жауып, атмосфераның тігінен араласуын тежейді. Бұл үдеріс әсіресе таулы аймақтарда байқалады, оны еліміздің шығысындағы тұрғындар анық сезінді.

Бір күн бұрын қара түтін елордаға да жетті. Зиянды заттардың ең тығыз массасы Астананың оң жағалауында, әсіресе жеке сектор тұрғындары әлі күнге дейін үйлерін көмірмен жылытатын аудандарда байқалды.

Жалпы, кеше Қазақстанның бірқатар қаласының тұрғындарына тыныс алу қиынға соқты. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Көкшетау, Қостанай және Петропавл қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары тіркелді.

"Қолайсыз ауа райы жағдайлары – бұл әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы", - деп түсіндірді мемлекеттік метеорологиялық қызмет өкілдері.

Дереккөз: КТК

Астана мен еліміздің 12 қаласын неліктен қара түтін басты: экологтар жауап берді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.