Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұман, жауын-шашын, қар": желтоқсан басында елімізде ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Көше қар жауып тұрған сәт
Қыс. Алматы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер елімізде алдағы демалыс күндері 30 қараша мен 2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, елімізде құбылмалы ауа райы сақталады.

Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен еліміздің солтүстік бөлігінде қар жауып, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады.

30 қараша мен 1 желтоқсанда оңтүстікте және оңтүстік-шығыста, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады деп болжанып отыр.

Мамандардың айтуынша, тек еліміздің батысында жоғары атмосфералық қысымның аясында айтарлықтай жауын-шашын болмайды.

Республика бойынша тұман мен желдің күшеюі күтіледі.

Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды деп болжанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2194328-tuman-zhauyn-shashyn-qar-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/