jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

LRT құрылысы: Астанадағы Сығанақ көшесінде көлік қозғалысына 2025 жылдың қыркүйегіне дейін шектеу қойылды

Астана ЛРТ
Астанадағы LRT құрылысы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Астанада LRT құрылысы бойынша жұмыстарға байланысты Сығанақ көшесі бойынша қозғалыс толығымен шектелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CTS сілтеме жасап хабарлайды.

CTS ақпаратынша, LRT жобасының №112-118 станцияларында жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірлер салу үшін қадалау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін келесі учаскелерде қозғалыс толығымен шектеледі:

  • Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі Сығанақ көшесінің бөлігінде;
  • Мәңгілік Ел даңғылынан Сығанақ көшесіне қарай оң жақтағы Түркістан көшесі бағытына шығатын жолда.

"Сапарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз және келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!", - делінген хабарда.

LRT құрылысы: Астанадағы Сығанақ көшесінде көлік қозғалысына 2025 жылдың қыркүйегіне дейін шектеу қойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.