jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Бәріміз көріп отырмыз": Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстандағы экологиялық жағдай туралы айтты

Ермек Көшербаев
Ермек Көшербаев. Видеодан кадр: t.me/shko_resmi

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Өскемендегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін атқарылатын шаралар жайында айтты. Бұл туралы облыс әкімдігінің Telegram-дағы арнасында хабарланды.

"Өскеменде қолайсыз метеожағдай қалыптасып, ауаны ластайтын заттар тұрғындарға қиындық туғызды. Бұны бәріміз өзіміз де сезіп, көріп отырмыз. Оған климаттық, географиялық, онтропогендік шарттар әсер етеді. Қаламыз ойда тұр, айналасы тау. Сол себепті 365 күннің 180 күні жел соқпай тұнық болып тұрады. Биылғы алғашқы суықта жел болмай, келеңсіз жағдай орын алды. Жылу қазандықтары, зауыттар, автокөліктерден шығатын газ, жер үйде жағатын отын түтіні ауада тұрып қалды. Ертіс пен Үлбі өзендерінен шыққан бу түтінмен араласып, қалың тұманға айналды. Бұл жылда болатын жағдай. Биыл желдің болмауымен қабаттасып келді.

Экологтар, синоптиктер, қоғам өкілдері, мәслихат депутаттары және журналистермен бірге Өскеменнің бірнеше ауданында мониторинг жүргізді. Кейбір кәсіпорындарды аралап көрді. Сондықтан мен ойлап отырмын, халық пен мамандардан құрылған қоғамдық кеңес тұрақты жұмыс істеуі керек деп. Сонда біз шынайы мәлімет аламыз. Біріншіден барлық қазандықты жүйелі тексеру қажет. Бүгінгі таңда Өскеменде 20 мың жер үй бар. Онда қандай отын жағатынын да білу керек.

Екіншіден, әрбір зауыт, қолайсыз метеожағдай кезінде ауаны ластайтын заттар шығаруын азайту керек. Ол үшін кәсіпорындар мен экология департаменті арасында меморандумға кейбір тарапына өзгерістер енгізу керек. Әрине, осы кәсіпорындар тәртіп бұзатын болса, заңаға сәйкес келмейтін заттарды істейтін болса, олар қатаң жауапкершілікке тартылуы керек. Жанармайдың сапасын да тексеру қажет.

Өскеменде 120 мыңнан астам машина бар. 5 жылда қаладағы көлік саны 24 мыңға, яғни 19 пайызға артқан. Осының бәрі экологияға әсер етеді. Сондықтар тұрғындар арасында тиісті ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу керек деп есептеймін. Біз қаланың әр ауданындағы экоахуалды біліп отыруымыз керек. Ол үшін, әрине, заманауи аспаптар келу керек. Сол аспаптарға қаражат бөлу, соған байланысты тиісті тапсырма бердім", - деді Ермек Көшербаев.

"Бәріміз көріп отырмыз": Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстандағы экологиялық жағдай туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.