jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қыстың алғашқы күнінде еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

Боран
Боран. Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер 1 желтоқсанға арналаған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

1 желтоқсанда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматы қаласында 1 желтоқсанда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

1 желтоқсан түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

1 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

1 желтоқсанда Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.

1 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

1 желтоқсанда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

1 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

1 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкент қаласында 1 желтоқсанда түнде және таңертең кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

1 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

1 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

1 желтоқсанда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Астана қаласында 1 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қыстың алғашқы күнінде еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.