jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алматыда желтоқсаннан бастап үш жаңа автобус бағыты іске қосылады

Автобус іші
"Оңай" төлем жүйесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2 желтоқсаннан бастап Алматыда жаңа үш автобус бағыты іске қосылады. Бұл туралы "Қалалық көлік холдингі" Telegram-дағы арнасында хабарлады.

№229 жаңа маршруты бағытын "Тоймарт" сауда орталығынан бастап – Бекмаханов көшесі – Первомайская нефтебаза көшесі – Алматы көшесі – Көкқайнар ауылынан бұрылып, кері бағытта қозғалатын болады. Желіде жұмыс күндері және демалыс күндері 3 автобус, 30 минуттық аралықпен.

№243 жаңа маршруты бағытын Баяндай ауылынан бастап – Ташкенсаз ауылы – Амангелді ауылы – Саймасай ауылы – Құлжа тракті – Жетісу базарынан бұрылып, кері бағытта қозғалатын болады. Желіде жұмыс күндері және демалыс күндері 6 автобус, 30 минуттық аралықпен.

№251 жаңа маршруты бағытын "Адем" сауда орталығынан бастап – Солтүстік айналма жолы – Первомайская нефтебаза к. – Алматы к. – Аптечная к. – Жәпек батыр ауылы – Жомарт ауылынан бұрылып, кері бағытта қозғалатын болады. Желіде жұмыс күндері және демалыс күндері 8 автобус, 22 минуттық аралықпен.

Алматыда желтоқсаннан бастап үш жаңа автобус бағыты іске қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.