jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте бірқатар автобус маршрутына өзгеріс енгізілді

Шымкенттегі қоғамдық көлік
Шымкенттегі қоғамдық көлік. Фото: gov.kz

Шымкентте қала тұрғындарының ұсыныстары мен өтініштері негізінде қоғамдық көлік бағыттарын оңтайландыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зерделеу нәтижесінде келесідей өзгерістер енгізілген:

  • №92 автобус маршруты: тұрғындардың өтінішіне сәйкес, Д.Қонаев мектебіне дейін ұзартылды.
  • №150 автобус маршруты: жол қозғалысының ашылуына байланысты Иманғара көшесімен ұйымдастырылды.
  • №139 автобус маршруты: Жаңақұрылыс – Әбдіров көшелерінің қиылысына дейін ұзартылды
  • №42 автобус маршруты: Бәйдібек би – Н.Назарбаев даңғылы қиылысында 3.19 "Кері бұрылуға тыйым салынады" және 4.1.1 "Тіке қозғалыс" жол белгілерінің орнатылуына байланысты Т.Назарбеков көшесінен Ж.Шанин көшесіне қарай сызбасы ұйымдастырылды.

Қоғамдық көлік қызметін жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Шымкентте бірқатар автобус маршрутына өзгеріс енгізілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.