MEGA Park-қа 10 жыл: сауда орталығы тұтас бір аудан тұрғындарының өмірін қалай өзгертті
Жарияланған күні:

Алматыдағы Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысқан тұсында ұзақ жылдар бойы Киров атындағы зауыттың ғимараты қаңырап бос тұрған еді. Зауыт аумағы үлкен әрі жабайы ағаштар өсетін, қоқыс тастайтын орынға айналған еді. Осылайша бүтін бір ауданның келбетіне нұқсан келтіретін. Алайда MEGA Management командасының дәл осы жерге заманауи сауда-ойын-сауық орталығын ашу туралы шешімі бәрін өзгертті.
2014 жылы бос тұрған зауыт ғимаратының орнына MEGA Park СОО ашылып, тұтас бір ауданның дамуына серпін берді. Қазір бұл ауданда беделді бизнес-орталықтар және заманауи тұрғын үй кешендері бой көтерген. Содан бері 10 жыл өтіпті. MEGA Park алғашқы мерейтойын қалай қарсы алды?
2024 жылы сауда-ойын-сауық орталығында қандай өзгерістер болды?
2024 жылы сауда орталығының коммерциялық ауданы 9,5%-ға (48 494 ш.м.-ден 53 198 ш.м.-ге дейін) артты. Бұл Magnum Super супермаркеті және Technodom тұрмыстық техника гипермаркеті бірінші қабаттан нөлінші қабатқа көшуі есебінен болып отыр.
Супермаркет жаңартылған концепцияда ашылды, оған қоса оның аумағы 270 ш.м.-ге ұлғайды. Енді Magnum Super супермаркеті тек азық-түлік пен қажетті тауарлар ғана ұсынбайды, енді ондағы жайлы кафетериядан тамақтанып алуға да болады. Сонымен бірге дәл осы қабатта Pharmacom дәріханасы, Gipfel ыдыс-аяқ дүкені, Mama Lama химиялық тазалау қызметі, гаджеттерге арналған аксессуарлар сататын A-case дүкені, кореялық тауарлар сататын MIKO дүкені және жылдам тамақтану мейрамханалар желісінің алғашқы шағын кофеханасына айналған I’am café сөресі ашылған.

Сауда орталығының бірінші қабатында да айтарлықтай өзгерістер болды: мұнда Inditex - Oysho, Pull&Bear, Stradivarius, Bershka тобының жаңартылған дүкендері ашылды. Оның барлығы жаңа концепцияларда ұсынылды, мәселен, Stradivarius-та енді табиғи материалдарға, дөңгелек пішіндерге, көзге жағымды ақ, сұр және ақсұр түстерге басымдық берілген. Жаңа Pull&Bear дүкенінде болса, ақ текстуралар, металлмен жиектер және жылтыр элементтер үйлестіріліп, минималистік стильдегі кеңістік жасалған. Басты функционалдық жаңалықтарға тоқталар болсақ, шопингті жылдам әрі жайлы ететін өзіне-өзі қызмет көрсету кассаларын айтуға болады.

LIMÉ дүкені де жаңа жерден ашылды. Бұл брендтің Қазақстандағы алғашқы дүкені де дәл осы MEGA Park-те 2022 жылы ашылған болатын. Бастапқыда онда тек әйелдер топтамалары ұсынылған. Енді жаңа LIMÉ-да әйелдер, ерлер және балалар желісі, сондай-ақ аяқ киім мен іш киім сататын бөлек аймақтар бар.
Ойын-сауық сегментіне келер болсақ, 2024 жылы Chaplin Cinemas кинотеатрында өзгерістер жасалды. Еден жабындары ауыстырылып, әр залға эко теріден жасалған шағын орындықтары бар және киносеанс атмосферасын жайлы ететін, арқасын электронды түрде басқаруға болатын креслолар орнатылды. Кинотеатрда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жайлы орындар қарастырылған, орындар қауіпсіз жерге көшіруге ыңғайлы болатындай етіп жасалған. Сервис саласында да жаңалықтар бар, мәселен, кинотеатр сайтынан билеттерге ғана емес, сонымен бірге тамаққа тапсырыс беріп, оны сеанс басталар алдында алуға болады. Егер залда отырған болсаңыз, QR-кодты сканерлеу арқылы дәл отырған жеріңізге тамақ пен сусынға тапсырыс беруге болады.

MEGA Park келушілерін тағы қандай жаңалықтар күтіп тұр
Жақын арада сауда орталығында тағы бірнеше ірі жобалар ашылады.
Мұнда Del Papa және Navat мейрамханалары, оған қоса Қазақстанда алғаш рет Аркадий Новиковтың жобасы "Сыроварня" мейрамханасы орын тебеді. Сауда орталығының кішкентай қонақтарына Розыбакиев көшесіндегі MEGA-дан жақсы таныс Teikaboom активити-паркі ашылмақ. Бұл балаларға арналған ойын алаңдары, лабиринттер, сырғанақтар, фотоаймақтар, кафе және мерекелер өткізуге арналған бөлмелері бар отбасылық кешен.

Сонымен қатар компания MEGA желісінің өзге де сауда орталықтарында ұсынылған брендтермен серіктестікті кеңейтіп жатыр және жақын арада олар MEGAPark-те де ашылады. Бұл жақын маңдағы аудандардан келушілерді тартуға септігін тигізетін қосымша фактор болмақ. Келесі жылы мұнда Lacoste, Tommy Hilfiger, Intimissimi дүкендері мен Superstep аяқ киім мультибренді есігін айқара ашуға дайын тұр.
*Серіктес материалы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2195585-mega-park-qa-10-zhyl-sauda-ortalygy-tutas-bir-audan-turgyndarynyng-omirin-qalai-ozgertti/