jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте заңсыз шығарылған активтер есебінен 300 орындық жатақхана салынбақ

Шымкенттегі жатақхана жобасы
Шымкенттегі жатақхана жобасы. Фото: primeminister.kz

Шымкентте заңсыз шығарылған активтерді қайтару аясында мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілері үшін 300 орындық жатақхана салынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Осы ретте үкімет арнаулы мемлекеттік қордан Шымкенттегі "Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі" кешені үшін жатақхана салуға 2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлген.

"Ғимарат 300 орынға есептелген, жобада ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар, медициналық блок, асхана, ойын бөлмелері және басқалары қарастырылған. Жатақхана барлық заманауи талаптарға сай болады", - делінген үкіметтің ресми сайтында.

Бүгінде "Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі" арнайы кешенінде 363 адам оқып жатыр. Жаңа ғимараттың құрылысы 120 оқушыға арналған жатақханадағы орын тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Нысан 1975 жылы салынған.

Қазіргі уақытта орын тапшылығына байланысты оқу орнындағы кейбір кабинеттер балаларға арналған жатын бөлмелері ретінде қарастырылған. 67 оқушы үйде оқуға мәжбүр. Жаңа жатақхана балалардың өмір сүруіне және олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасайды.

Шымкентте заңсыз шығарылған активтер есебінен 300 орындық жатақхана салынбақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.