Зектілері

"Болашақ" бағдарламасы өкілдері Оңтүстік Кореяда төтенше жағдай жариялануына байланысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Корея Республикасының туы
Корея Республикасының туы. Көрнекі сурет: Jason Hosking / Getty Images

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Оңтүстік Кореяда бұған дейін жарияланған төтенше жағдай ресми түрде тоқтатылғанын мәлімдеп, елде Қазақстаннан бір стипендиат бар екенін атап өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ орталықтың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазіргі уақытта сол елде бір стипендиатымыз бар, ол Сеул ұлттық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр. Стипендиат өзінің қауіпсіздігіне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын растады.

Ол орталықпен және Қазақстанның Корея Республикасындағы елшілігімен тұрақты байланыста", - делінген хабарламада.

"Болашақ" бағдарламасы өкілдері шетелде журген барлық стипендиатты қауіпсіздік шараларын сақтауға және орталық кураторларымен және Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырды.

Айта кетейік, 3 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті әскери төтенше жағдай жариялаған болатын.

Кейін Оңтүстік Корея парламенті әскери төтенше жағдай режимін алып тастауға дауыс берді. Қазақстанның Кореядағы елшілігі елдегі әскери төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Кейін Оңтүстік Кореяда әскери режим алынды, оппозициялық партия президенттің қызметтен кетуін талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2195916-bolashaq-okilderi-ongtustik-koreiada-totenshe-zhagdai-zhariialanuyna-bailanysty-malimdeme-zhasady/