jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қар, -20 градус: алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Қар
Қар жауып тұрған сәт. Көрнекі сурет: ANATOLII STEPANOV/AFP via Getty Images

Синоптиктер 5-7 желтоқсан аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың болжауынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдер анықтап, күн райы тұрақсыз болады. Атап айтқанда, бұрқасынмен қар, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі.

Еліміздің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

  • түнде еліміздің батысында -7...-12 градусқа дейін,
  • солтүстік-батыста -13...-18 градусқа дейін,
  • еліміздің солтүстігінде, орталығында -15...-20 градусқа дейін,
  • республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында -3...-8 градусқа дейн,
  • таулы аудандарда -10...-16 градусқа дейн төмендейді.
Қар, -20 градус: алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.