jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Телжан деген африкалық балалар бар": қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық волонтер-дәрігер туралы не білеміз (видео)

Телжан Жүнісбеков
Телжан Жүнісбеков. Видеодан кадр : qazaqstantv

1986 жылы БҰҰ халықаралық еріктісі ретінде Африкаға аттанған халықаралық волонтер-дәрігер Телжан Жүнісбеков мыңнан астам адамның өмірін құтқарған. Бұл туралы ардагер дәрігер "Қазақстан" арнасындағы "Ізгілік қозғалысы" арнайы жобасында әңгімелеп берді.

Телжан Жүнісбеков – 1986 жылы БҰҰ халықаралық еріктісі ретінде Африкаға аттанған 17 дәрігердің бірі. Ол соғыс өрті өршіп тұрған қауіпті аймақтарда мыңнан астам адамның өмірін құтқарған.

"Соғыс болып жатты. БҰҰ-да жұмыс жасап жүргенде, Каянзе деген провинцияға жіберді. Мен өз елімде де жаман болғаным жоқ. Бір өкініштісі, өз елімде жүріп өзімді жақсы көрсете алмадым ба деп ойлаймын. Мемлекетімізді және домбырамызды барған елдерімде насихаттап жүрдім", - дейді ол.

29 жыл шалғайда қызмет еткен дәрігердің білген-түйгені көп. Ақ халатты абзал жан шетелде жүріп, Қазақстанды жақсы жағынан таныта алдым дейді.

"1987 жылы бір баланың аяғы қисық болып, Илизаров апаратымен емдедім. Бәрі жазылып, алты айдан кейін әкесі рақметін, айтып баламның атын сіздің құрметіңізге қоям деген еді", - деп еске алды дәрігер Дәрігердің емінен шипа тапқан 10-ға жуық африкалық балаға ата-анасы "Телжан" деп ат қойған.

"Телжан деген африкалық балалар бар": қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық волонтер-дәрігер туралы не білеміз (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.