jitsu gif branding logo appbranding logo app

Біліктілікті арттыру "ақылы курстары": оқу-ағарту министрлігі өкілдері мұғалімдерге үндеу жасады

ұстаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде мұғалімдерге белгісіз біреулер біліктілігін арттыру курстарын ұсынып, ақша сұраған. Оқу-ағарту министрлігі өкілдері мұндай курстар тегін берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Әлеуметтік желілерде ақылы курстар туралы күмәнді ақпараттар тарап жатыр, курстардың ақылы болуы ведомствоның біліктілікті арттыру курстарының жоспарында қарастырылмаған. Сондықтан педагогтерге аса мұқият әрі сақ болуды ескертеміз.

"Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекет үш жылда бір рет мұғалімдерді тегін біліктілікті арттыру курстарынан өткізетінін естеріңізге саламыз", - делінген министрліктің Facebook-тегі парақшасында.

Біліктілікті арттыру курстарының тізбесі жергілікті атқарушы органдар берген өтінімдер негізінде қалыптастырылады. Бұл орайда тақырып пәндерді оқытудың нақты әдістеріне қатысты болады.

Оқу-ағарту министрлігі мұндай күмәнді курстар туралы ақпарат белгілі болған жағдайда білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерге жүгінуді немесе Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне +7 (7172) 74-23-92 телефон нөмірі арқылы немесе осы сілтемеде көрсетілген департаменттердің байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Сондай-ақ курстар бойынша толығырақ ақпаратты «Өрлеу» БАҰО АҚ сайтынан білуге болады.

Біліктілікті арттыру "ақылы курстары": оқу-ағарту министрлігі өкілдері мұғалімдерге үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.