jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Орамал таққаны үшін мектепке кіргізбеген: Жоғарғы сот шешім шығарды

Орамал таққан оқушы
Орамал таққан оқушы. Көрнекі фото: getty/stock photo

Қазақстанның Жоғарғы соты балаларын орамал тағуына байланысты мектепке кіргізбеу әрекеттерін заңсыз деп тану туралы ата-ананың шағым-арызына қатысты әкімшілік істі қарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғарғы сот апелляциялық сатының қорытындыларымен келіскен. (Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бұзылып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды).

Бұл ретте сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы бойынша мәселені талқыламаған.

"Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктерге бейінді министрлік ие екенін атап өтеміз. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмады және жойылған жоқ", - делінген сот хабарламасында.

Сот өкілдері ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға жауапты екенін атап өткен.

"Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өзіне алған және заңмен белгіленген міндеттерін орындамауы заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген жауаптылыққа әкеп соғады", - делінген.

Атырау, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарының соттары оқушыларды оқу процесіне жібермеу бойынша істерді қарау кезінде осындай қорытындыға келді.

Бұл өңірлердің сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

Орамал таққаны үшін мектепке кіргізбеген: Жоғарғы сот шешім шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.