Зектілері

Пошта жәшіктеріндегі улы әтір туралы хабарлама қазақстандықтарды алаңдатып қойды

Жарияланған күні:

Әтір сеуіп жатыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық мессенджерлерде улы әтір туралы хабарламалар тарап жатыр. Бұл ақпарат жалған екені анықталды. Дәл осындай хабарламалар басқа елдерде де тараған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті баспасөз хатшысы NUR.KZ тілшісіне таралған ақпарат жалған екенін хабарлады. Олар сондай-ақ Ресей тұрғындарының да осындай хабарламалар алғанын айтты – жақында Нижний Новгород тұрғындары арасында қауіпті әтір туралы ақпарат тараған.

"Нижний Новгород Онлайн" басылымының жазуынша, хабарламалар үй иелері чаттары арқылы жіберілген.

"Олар атақты брендтердің парфюмерияларының шағын үлгілерін пошта жәшіктеріне тастайды. Жаңа жылдық сыйлық ретінде беріледі, бірақ оны ашып, иіскеуге болмайды. Одан адам өліп кетуі мүмкін", - делінген хабарлама мәтінінде.

Басылым дәл осындай фейк Ресейдің басқа аймақтарында анда-санда шығып тұратынын жазады. Журналистердің айтуынша, мұндай жалған ақпарат – Ресей Федерациясындағы ең кең таралған хабарламалардың бірі.

Хабарламалар Беларусьте де пайда болды, деп жазады жергілікті "БрестСити" басылымы. Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін жалған ақпарат тарату – бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2196810-poshta-arqyly-taratylatyn-uly-atir-turaly-habarlama-qazaqstandyqtardyng-zaresin-aldy/