jitsu gif

Шымкентте халық саны 10 айда 27 мың адамға көбейген

Шымкент қаласы
Шымкент қаласы. Фото: gov.kz

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы 1 қарашадағы жағдай бойынша елдегі халық саны туралы деректерді жариялады. Бюро мәліметінше, 1 қарашада Қазақстан халқының саны 20 243 981 адамға жеткен, деп хабарлайды Ontustiktv.kz.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, 1 қаңтармен салыстырғанда қазақстандықтардың саны 210 139 адамға көбейген. Қазақстан қалаларында да халық саны өскен. Ең көп халық тұратын қала – Алматы, мұнда 1 қарашада 2 280 296 адам тұрған.

Ал одан кейінгі орында Астана тұр. Елордада қазір 1 511 807 адам тұрады.

Шымкентте 1 249 581 тұрғын тіркелген. Жыл басында 1 222 066 тұрғын болған. Яғни үшінші мегополис тұрғындарының саны 10 айда 27 мыңға көбейген. 

Түркістан облысында халық саны 2 154 461 адамға жетті. 1 қарашадағы жағдай бойынша қалаларда 12 727 404 қазақстандық тұрады. Ал ауыл тұрғындарының саны 7 516 577 адам.

Шымкентте халық саны 10 айда 27 мың адамға көбейген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.