jitsu gif branding logo appbranding logo app

18 жастағы қазақ қызы Диана ханшайымның құрметіне тағайындалған марапатқа ие болды

18 жасар қыз
Диана Мұрзагалиева. Фото: Ұлыбритания елшілігі

Диана Мұрзағалиева есімді қазақ қызы әлеуметтік бастамалары мен қоғамға қосқан ерекше үлесі үшін Диана ханшайым сыйлығына ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлыбритания елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Бар болғаны 18 жасында Диана Мұрзағалиева әлеуметтік бастамалары мен қоғамға қосқан ерекше үлесі үшін Диана сыйлығына ие болды. Ядролық сынақтардың салдарынан туған жерінде дизартрия диагнозы қойылған Диана көптеген қиындықты еңсерді, оның ішінде буллинг пен бірнеше операцияны бастан кешірді. Бір кездері сөйлей алмаған ол өзінің ойын әңгімелер арқылы жеткізіп, мүгедектігі бар балалардың армандары туралы "Үміт әрдайым жанымызда" атты анимациялық фильмін жасады", - делінген елшілік хабарламасында.

Inclusive Academy негізін қалаушысы және сөйлеу қабілеті бұзылғандарға арналған AI қосымшасы – SpeakUp авторы ретінде Диана инклюзивтілікті ілгерілетіп, кедергілерді жойып келеді.

Бұл беделді марапат Диана ханшайымның құрметіне тағайындалып, оның оң өзгерістер жасауға деген адалдығын көрсетеді.

18 жастағы қазақ қызы Диана ханшайымның құрметіне тағайындалған марапатқа ие болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.