jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Қайрат Боранбаевқа тиесілі сауда орталығы мұражайға айналады

"Алмалы" сауда орны
"Алмалы" сауда орны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс сессиясында "Алмалы" сауда орталығы мұражайға айналатынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"2025 жылдан бастап Алматыда бұрынғы "Алмалы" сауда орталығының базасында Балаларға арналған ғылым мұражайы құрыла бастайды. ТМД елдерінде алғаш рет ашылғалы отырған мұражайға Science Museum Singapore көмектеседі. Сол үшін қала бюджетінен 12,2 млрд теңге бөлінеді", - деп хабарлады Ерболат Досаев.

Айта кетейік, "Алмалы" сауда орталығы Алматы қаласының Республика алаңының астында орналасқан. Орталық күмбезі қала әкімдігі ғимаратының алдында тұр. Ғимарат бірнеше жылдан бері жабық.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкер Қайрат Боранбаев Алматыдағы фитнес-клубын, бизнес-орталық нысанын және ірі сауда орталығын мемлекет меншігіне тапсырған.

Қайрат Боранбаевқа тиесілі сауда орталығы мұражайға айналады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.