jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Еңбек министрлігі сегіз жаңа кәсіби мереке енгізуді ұсынды

күнтізбе
Күнтізбе. Көрнекі фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сегіз жаңа кәсіби мереке жобасын дайындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ министрлік мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Оны 23 желтоқсанға дейін талқылауға болады. Бұйрық қабылданған жағдайда, Қазақстанда сегіз жаңа кәсіби мереке пайда болады. Олар:

  • 28 қаңтар – қаржылық мониторингі органдарының күні;
  • шілденің бірінші жексенбісі – теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні;
  • тамыздың бірінші жексенбісі – теміржол көлігі қызметкерлерінің күні;
  • қыркүйектің екінші жексенбісі – бақылау өлшеу аспаптары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні;
  • 2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні;
  • қазанның соңғы жексенбісі – автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні;
  • 10 қараша – бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлерінің күні;
  • 13 желтоқсан – қылмыстық-атқару жүйесі күні.

Министрлік мәліметінше, жаңа кәсіптік мерекелер туралы ұсыныс дайындау барысына тиісті қызмет салаларының өкілдері қатысқан.

Естеріңізге сала кетейік, биыл маусым айында еңбек министрлігі жаңадан сегіз кәсіби мерекені бекіткен.

Еңбек министрлігі сегіз жаңа кәсіби мереке енгізуді ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.