Бүгін еліміздің екі мегаполисінде қар жауады деп болжанды
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкентте 7 желтоқсан күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 3 градусқа дейін көтеріліп, түнде -5 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,3 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, аздаған қар жауады. Күндіз ауа температурасы -8 градусқа дейін жетіп, түнде -16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 4,5 м/с болады.
Шымкентте бүгін аздаған қар жауады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 3 градусқа дейін жетіп, түнде -3 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,3 м/с деңгейінде болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2197392-bugin-elimizding-eki-megapolisinde-qar-zhauady-dep-bolzhandy/