jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

ТЖД өкілдері ауа райына байланысты алматылықтарға ескерту жасады

Көктайғақ
Көктайғақ. Көрнекі фото: Michal Fludra/NurPhoto/Getty Images

Алматы төтенше жағдайлар департаменті өкілдері ауа райының нашарлайтынын ескертіп, қала тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға шақырды. Бұл жөнінде ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Төтеншеліктер 8 желтоқсанда қалада қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін екенін хабарлады.

Ведомство өкілдері автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ кезінде барынша сақ болуға шақырды.

"Жауын-шашын туралы ескерту негізінде автокөлік иелеріне ағаштардың, электр желілерінің және басқа да бекітілмеген құрылымдардың астына автокөліктерді қоймауға кеңес береді", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Бұған қоса сақтық шараларына қатысты бірнеше ұсыныс берілді:

  • есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде жүргізушінің зейіні төмендеп, жолға мұқият қарай алмай, салдарынан жаяу жүргіншілерді қағып кетуі мүмкін;
  • жолдан өтерде жол қозғалысы ережелерімен белгіленген жерлерден ғана өту керек;
  • абай болыңыз, жолдан өткен кезде басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б.) алаңдамаңыз;
  • әрдайым аяқтың астына қарап жүріңіз;
  • аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуға тиіс;
  • қолыңызды қалтаңызда салып жүрмеңіз, тепе-теңдікті ұстай алмай қаласыз;
  • есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіреберістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі адамдар жиі жарақат алып құлайтын жерлер болып саналады.
ТЖД өкілдері ауа райына байланысты алматылықтарға ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.