Зектілері

Қар жауып, көктайғақ болады: еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

қар жауған сәт
Қар жауған сәт. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 8 желтоқсанда ауа райының нашаралуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

8 желтоқсанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды.

Ертең Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Жексенбі күндіз Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында кей уақытта қатты қар жауады деп болжанып отыр. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында кей уақытта екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Синоптиктердің болжамынша, 8 желтоқсанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ертең түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Жексенбі Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Синоптиктер 8 желтоқсанда күндіз Абай облысының орталығында қатты қар жауады деп болжап отыр. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады

Ертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады деп болжанды. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

8 желтоқсанда Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Ертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Жексенбі түнде Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2197530-qar-zhauyp-koktaigaq-bolady-elimizding-birqatar-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/